Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елдің барлық өнімінің: егістіктерде өскен астықтың және ағаштардан жиналған жемістердің он бөлігінің бірі Жаратқан Иеге тиісті. Ол Жаратқан Иеге бағышталған киелі. Егер біреу беруге тиіс он бөлігінің бірінен бір нәрсені құнын өтеп өзінде қалдырғысы келсе, онда ол соның құнының үстіне оның бестен бірін қоса төлесін. Отарлар мен табындардың он бөлігінің бірі де Жаратқан Иеге тиесілі. Малын санаған малшының асатаяғының астынан өткен әр он малдың біреуі Жаратқан Иеге бағышталуға тиіс. Мал иесі малының жақсыларын алып қалып, жамандарын беруші болмасын! Бір малды басқа малмен ауыстыруға да болмайды. Егер ол бір малды басқа малға ауыстырар болса, сол малдың екеуі де Жаратқан Иеге бағышталуға тиіс. Сондықтан бұрынғы иесіне оларды құнын төлеп қайтарып алуына болмайды. Ал жиналған астықтың, жүзім шырынының және зәйтүн майының (Жаратқан Иеге тиісті) он бөлігінің бірін, малдарыңның алғашқы төлдерін, сондай-ақ Жаратқан Иеге ұсынуға серт еткен не өз еркіңмен ұсынып жатқан немесе арнайы берген сый-тартуларыңды да өздерің тұрып жатқан елді мекендеріңде жеулеріңе болмайды. Керісінше, бұларды Құдайларың Жаратқан Ие тағайындайтын орында Оның алдында өздерің, ұл-қыздарың, қызметшілерің және елді мекендеріңде бірге тұратын леуіліктер, бәрің бірге ішіп-жеңдер. Осылайша қолға алған барлық істеріңнің жемісті болғанына қуанып Құдай Иелеріңнің алдында тойлаңдар. Елде тұрып жатқан уақыттың барлығында леуіліктерді қамқорлықсыз қалдырмаңдар! Бұдан басқа диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген нанды, астығымыздың өнімінің алғашқы бөлігін, әрбір жеміс ағашымыздың алғашқы мәуесін, жүзім шырынымыз бен зәйтүн майымыздың алғашқы бөліктерін Құдайымыздың киелі үйінің қоймаларын басқаратын діни қызметкерлерге алып келетін боламыз. Біз жұмыс істейтін барлық елді мекендеріміздегі жер өнімінің он бөлігінің бірін жинаумен айналысатын леуіліктерге соларды әкеліп беретін боламыз. (Ыбырайымның шөбересі) Леуінің тұқымынан шыққан діни қызметкерлер Құдайдың өсиетіне сай өз ағайындары — Исраил халқының жалпы түсімінің оннан бір бөлігін алып отырады. Бұлардың да Ыбырайымнан тарағандықтарына қарамастан, леуіліктер олардан әлгі бөлікті жинайды. Оннан бір бөлігін жинайтын леуілік діни қызметкерлер күндердің күнінде өлетін пенделер ғана, ал Мәліксадықтың тірі екендігі туралы мәлімет берілген.
Выбор основного перевода