Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Исраил Жүсіпке:— Біліп ал: жақында мен бұ дүниеден кетемін. Бірақ Құдай жар болып, сендерді аталарыңның жеріне қайтарады. Сендер айдаланы кезіп жүргендеріңде Құдай Иеміздің қаһарын туғызғандарыңды ешқашан ұмытпай, естеріңде сақтаңдар! Мысырдан көшіп шығып, осы жерге келген күнге дейін сендер Жаратқан Иеге қарсы бас көтеріп келесіңдер. Жаратқан Ие сендерді Қадеш-Барниден: «Өрлеп барып, Мен сендерге беріп отырған елді иемденіңдер!» — деп жолдап жіберген еді. Бірақ сендер өз Құдайларың Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шықтыңдар! Оған сенген де жоқсыңдар, тілін де алмадыңдар. Мен сендерді білгеннен бері Жаратқан Иеге қарсы бас көтеріп келесіңдер. Бірақ олардан еш қорықпаңдар! Құдайларың Жаратқан Иенің перғауын патшаға және бүкіл Мысырға не істегенін естеріңде берік сақтаңдар! Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. «Тыңда, уа, Исраил жасағы! Қазір сендер жауларыңа қарсы шайқасқа кетіп бара жатырсыңдар. Жүрексініп қорықпаңдар, үрейленіп қалтырамаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол жауларыңа қарсы соғысып, сендерге жеңіс сыйлайды». Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген.
Выбор основного перевода