Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктердің шыққан ата-тектері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, Олардың арасында (содан отыз сегіз жыл бұрын) Синай атты елсіз далада болған бірінші санаққа енген исраилдіктерден бірде-бір адам болған жоқ. Алайда олардың басым көпшілігі Құдайға жақпай, айдалада құрып кетті. Кейбіреулері сияқты Құдайға қарсы күңкілдей бермеңдер! Соның жазасы ретінде қырып-жоюшы періште оларды өлтіріп кетті. Ал Құдай қырық жыл бойы кімдерге ашуланды? Олар күнә жасағандықтан айдалада жүргенде өліп, жерленген ата-бабаларымыз емес пе еді? Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.
Выбор основного перевода