Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Мұса оларды Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Паран атты иен даладан жұмсап жіберді. Олардың барлығы Исраил халқының басшыларынан болатын. Олардың аты-жөндері мыналар: Рубен руынан Зақур ұлы Шаммуа, Шимон руынан Хори ұлы Шапат, Яһуда руынан Ефунне ұлы Халеп, Исашар руынан Жүсіп ұлы Иғал, Ефрем руынан Нұн ұлы Ошия, Бунямин руынан Рафу ұлы Палти, Забулон руынан Соди ұлы Ғаддиел, Жүсіптен тараған Манаса руынан Суси ұлы Ғадди, Дан руынан Гемалли ұлы Әмиел, Ашир руынан Михайл ұлы Сетур, Нафталим руынан Уопси ұлы Нахби, Ғад руынан Махи ұлы Геуел. Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:— Жоқ, біз сол халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден соншама күшті! — деп онымен келіспеді. Алайда олардың басым көпшілігі Құдайға жақпай, айдалада құрып кетті. Кейбіреулері сияқты Құдайға қарсы күңкілдей бермеңдер! Соның жазасы ретінде қырып-жоюшы періште оларды өлтіріп кетті. Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.
Выбор основного перевода