Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер айдаланы кезіп жүргендеріңде Құдай Иеміздің қаһарын туғызғандарыңды ешқашан ұмытпай, естеріңде сақтаңдар! Мысырдан көшіп шығып, осы жерге келген күнге дейін сендер Жаратқан Иеге қарсы бас көтеріп келесіңдер. Хориб тауының маңында Жаратқан Иенің қаһарын туғызғандарың сонша, Ол сендерді түгелдей құртып жібермекші болды. Өйткені олар Құдайға сенбеді,Оның құтқаруына үміттенбеді. Бірақ та Ол бұлттарға бұйрық берді,«Аспанның қақпаларын» ашып берді, Кейін халық аңсаған елін менсінбеді,Құдайдың уәдесіне сенім жүктемеді, Иса олардың көз алдарында көп кереметтер жасаса да, көпшілік Оның Мәсіх екендігіне сенген жоқ.
Выбор основного перевода