Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. Шық кепкен кезде оның орнында айдалада қырау тәрізді ақ, нәзік қабыршақтар қалды. Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны. Жаратқан Ие мынаны әмір етті: Әрқайсыларың өздеріңе керегінше теріп, үй іштеріңдегі әрбір жан басына бір тегештен толтырып жинап алыңдар!» — деді. Исраилдіктер солай істеп, біреуі көп, біреуі аз жинады. Ал тегешпен өлшеген кезде көп жинаған кісіден артылған жоқ, аз жинаған мұқтаж да болған жоқ. Әркім өзінің жеуіне қажетінше жинапты. Исраилдіктер сол нанды манна деп атады. Оның түсі көжекөк шөбінің дәндері сияқты ақ, ал дәмі бал қосқан күлше нандай болды.
Выбор основного перевода