Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді. Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес. Бірақ Мен, Жаратқан Ие, қалаған сөздерімді айтамын және солар орындалады да. Олар ұзаққа созылмай, жуырда жүзеге асады. Ей, бас көтергіш халық, сендердің осы замандарыңда-ақ Мен сөзімді айтамын да, әрі іске асырамын да! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын». Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
Выбор основного перевода