Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді. Жүсіп бауырларына: «Мен жуырда дүниеден қайтамын. Алайда Құдай рақымшылық жасап, сендерді осы елден сөзсіз алып шығып, Өзі Ыбырайымға, Ысқаққа және Жақыпқа ант беріп, уәде еткен еліне бастап апаратын болады», — деді. Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек: Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол». Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!»
Выбор основного перевода