Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мұса Жаратқан Иеге былай деді:— Міне, алты жүз мың жаяу жасақшысы бар халықтың арасында тұрмын. Ал Сен «Мен оларға тұтас бір ай бойы жейтін ет беремін» дейсің. Отар-отар қой-ешкі мен табын-табын ірі қара сойып бергенде де бұл оларға жетер ме екен? Тіпті теңіздің бүкіл балығын аулап бергенде де бұл оларға жеткілікті болар ма екен? — Қызметшісі:— Қалайша, бұлар жүз адамға не болады? — дегенде, Еліше былай деп тапсырды:— Нанды адамдарға үлестіріп бер, жесін! Себебі Жаратқан Ие мынаны айтады: Олардың барлығы тойып жейді, тіпті артылып та қалады. — Шәкірттері:— Осы құлазыған далада соншама көп халықты тамақтандыруға жететін нанды қайдан табамыз? — деп жауап берді. Иса: Иса басын көтеріп қарағанда, қарақұрым халықтың Өзіне қарай ағылып келе жатқанын көрді. Содан Иса Філіпке:— Бұларды тамақтандыратын нанды қайдан сатып аламыз? — деді. Иса осы сөзін оны сынау үшін айтты, себебі не істемекші болғанын Өзі біліп тұрды. Філіп Оған:— Бізде тіптен екі жүз күндік жалақыға келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді, — деп жауап берді. Сонда басқа бір шәкірті, Шимон Петірдің інісі Әндір, Исаға былай деді: — Осында бір бала жүр, оның бес күлше арпа наны мен екі кепкен балығы бар. Бірақ олар осынша көп кісіге не болады? —
Выбор основного перевода