Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін. Ертеңіне Жақып ерте тұрып, басына жастанған тасты ескерткіш ретінде тұрғызды. Ол соның үстіне май құйып, оны Құдайға бағыштады. Осылайша Жақып және оған еріп жүрген барлық адамдар Қанахан еліндегі Лұз (яғни Бетел) қаласының маңайына жетті. Сейірдің таулы жерін мекендеген едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Есаудың ұлдарының аттары: оның әйелі Адахтан Елипаз, ал әйелі Басематтан Рәгуел дүниеге келді. Елипаздың ұлдары Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ еді. Елипаздың кәнизагы Тимна оған Амалек атты ұл туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Адахтан тараған немерелері.
Выбор основного перевода