Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақсақалдар және қақпа алдындағы алаңда жиналған барлық адамдар:— Иә, куәміз, — деп растады. Олар Боғозды құттықтап: — Жаратқан Ие сенің үйіңе кіретін бұл әйелді Исраилдің үрім-бұтағын таратқан Рахила мен Лиядай ұрпақты ете көрсін! Сен Ефрата аймағында күшті болып, атың Бетлехемде жасасын! Тамар ата-тегіміз Яһудаға Паресті туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін! — деп баталарын берді.
Выбор основного перевода