Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Құдай оған түсінде былай деді:— Мен сенің мұны адал жүрекпен істегеніңді білемін. Сол себептен де сені Маған қарсы күнә жасаудан сақтап, оған жақындатпадым. Үшінші күні Жүсіп оларға тіл қатып:— Мен Құдайды қастерлейтін адаммын. Енді мынаны істеңдер, сонда аман қаласыңдар: Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.Осылай әділ Сенің айтқандарың,Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың.
Выбор основного перевода