Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жігітті сол арсыз құшып алып, сүйді,Шімірікпей оған қарап былай деді: «Мен тиісті құрбандығымды шалдым,Антымды бүгін түгел орындадым. Кезігу үшін өзіңе үйден шықтым,Сені іздеп, енді, міне, тауып алдым! Төсегіме әдемі көрпе салдым,Түрлі түсті мысырлық жабын жаптым, Хош иісті мүр, алоэ, дәмқабық шаштым. Кәне, жүр, таң атқанша бірге болайық,Махаббаттың ләззатымен сусындайық! Үйде ерім жоқ, ол алыс сапарға кетті, Күміс толы дорбасын ала кетті,Ай толғанда ғана қайтып келеді». Майда тілмен ол жігітті арбап алды,Жылы сөйлеп дегеніне көндірді. Жігіт әйелге еріп жүре берді,Сойылуға бара жатқан өгіздей,Әрі торға түсіп қалған бұғыдай, Садақ оғы әлі бауырына қадалмай,Тұзаққа зымырай ұшқан құстай,Өмірмен қоштасарын кетті ол ұғынбай. Сонымен, балалар, мені тыңдаңдар,Айтқан сөздеріме құлақ салыңдар! Жүгенсіз әйелдің ізіне түспеңдер,Жолына еліктеп, адасып жүрмеңдер!
Выбор основного перевода