Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие жар болғандықтан, Жүсіптің қай нәрседен де жолы бола кететін. Осылай ол мысырлық қожайынының сарайында тұрып қалды. оған мейірімін түсірді. Уәзір Жүсіпті жеке қызметшісі қылып, сарайын басқартып, өзіндегі барлық дүние-мүлікті де оның жауапкершілігіне тапсырды. Жүсіпке тапсырған істің ешқайсысына да бастық көңіл бөлмеді. Себебі Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оның істеген әрбір ісін оңынан келтіріп отырды. Ал Мен мысырлықтарды халқыңа оң көзбен қаратамын, кеткен кездеріңде құр қол аттандырмаймын. Осы уақыт жеткенде Жаратқан Ие мысырлықтарды Исраилдің үрім-бұтағына игі ниетпен қаратты. Мұсаның абыройы да Мысыр жерінде перғауынның нөкерлері мен халықтың алдында зор болды. Жаратқан Ие мысырлықтарды Өзінің халқына мейіріммен қаратқандықтан, олар исраилдіктердің сұрағандарын түгел берді. Мысырдың байлығын исраилдіктер осылайша олжалады. Тәңірдің сөзі оның мінезін сынап болғанша,Алдын ала айтқандары орындалғанша,Жүсіптің аяқтары қысылып бұғауланды,Мойнына оның темір құрсау салынды. Содан Ол халқын тұтқында ұстаған бар елдердіОларды аяп мүсіркеуге мәжбүрледі. Құдай бұл уәзірдің жүрегін жібітіп, оны Даниялға оң көзімен қарайтын етті. Ол Жүсіпке даналық сыйлап, Мысырдың патшасы перғауынның ықыласына бөлейді. Перғауын оны Мысырға және өзінің бүкіл сарайына әмірші етіп қояды.
Выбор основного перевода