Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иеміздің жауабы мынау болды:«Сенің ішіңде екі тайпа жатыр,Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ.Біреуі екіншісінен күштірек болып,Ағасы інісінің қызметшісі болмақ». Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне қарсы бас көтеріп, өздеріне патша тағайындап алды. Сонда Жорам өзінің барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп, Сайырға қарсы аттанды. Бірақ едомдықтар оның өзін және соғыс күймелерінің айдаушыларын қоршап алды. Жорам түнде тұрып, олардың қоршауын бұзып шыға алды. Алайда жасақшылары үйлеріне қашып кетті. Содан бері Едом халқы осы күнге дейін Яһуданың үстемдігіне қарсы бас көтеріп келеді. Сол кезде (філістір елінің шекарасындағы) Либна қаласы да Яһуданың патшасына қарсы шықты.
Выбор основного перевода