Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонан соң әкелерің мен отбасыларыңды алып, маған келіңдер. Сендерге жердің өнімін жеу үшін Мысыр елінің ең жақсы бөлігін беремін». Жүсіпке Мұса мынадай бата берді:«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,Аспанның баға жетпес шығын түсіре берсін,Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін. Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын! Уа, Гелбуе таулары, үстеріңеЕнді қайтып ешқашан шық түспесін,Лайым жаңбыр да жаумасын жеріңе,Егістіктерің еш өнім бермесін!Өйткені өз қыраттарыңда қор болдыҚуатты жауынгерлердің қалқандары,Енді қайтып Саулдың да қалқаныЕш майланып-сыланбайтын болады. Иә, Иеміз оларға жауап қатып былай дейді:— Мен сендерге астық, жүзім шырынын және зәйтүн майын жіберемін, сендер соларға тойынасыңдар. Бұдан былай Мен сендерді басқа халықтарға мазақтатып қоймаймын! Енді аман-есен тұқым себіліп, жүзімдік өз жемісін, жер өз өнімін беріп, аспан өз шығын түсіріп тұратын болады. Мұның бәрін Мен осы халықтың тірі қалғандарына мұралық меншік етіп беремін.
Выбор основного перевода