Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді. Есау:— Аштықтан өлейін деп тұрғанымда, маған тұңғыш боп туғандығымның керегі қанша? — деді. Жақып:— Алдымен маған ант бер, — деп талап етті. Есау ант беріп, өзінің тұңғыштық жолын Жақыпқа сатып жіберді. Сонда Жақып оған нан және қызыл жасымықтан пісірген көжені ұсынды. Есау ішіп-жеп болған соң жөніне кетті. Осылайша ол тұңғыштық жолына немқұрайды қарап, одан бас тартты.
Выбор основного перевода