Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екі барлаушы әйелге тағы былай деген болатын:— Осы берген антымызды орындауымыз үшін мына нұсқауымызды іске асырғаныңыз қажет: Біз осы елге кіргенде бізді төмен түсіріп жіберген терезеңізге мына қырмызы жіпті бекітіп іліп қойыңыз, әрі үйіңізге әке-шешеңізді, бауырларыңызды және бүкіл отбасыңызды жинап алыңыз. Егер олардың кейбіреуі үйден шығып кетсе, онда ол төгілген қанына өзі кінәлі болып, біз кінәсіз боламыз. Ал егер үйіңіздің ішіндегі бір адамға біреуіміз күш жұмсап өлтіріп тастасақ, онда оның төгілген қаны біздің мойнымызда болады. Сондай-ақ, егер бізге сатқындық жасасаңыз, сол жағдайда да осы берген антымыздан азат боламыз. —
Выбор основного перевода