Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Сен маған қандай сыйлық бермексің? Мен әлі де ұрпақсыз келемін. Үйіме дамаскілік қызметшім Елиезер иелік етпек. — Қызметші Ыбырайымның жамбасының астына қолын қойып, барлығын ол бұйырғандай етіп орындауға ант берді. Қожайынының ірі малдарынан он түйе және әр түрлі бағалы дүниелерді таңдап алып, жолға шықты да, Евфрат пен Тигр өзендерінің арасындағы Нахор қаласына қарай беттеді. Ажалы жақындағанда ол баласы Жүсіпті шақыртып алып, оған былай деді:— Маған жақсылық жасағың келсе, қолыңды жамбасымның астына қойып тұрып мынадай уәде бер: сен менің сүйегімді Мысырда қалдырмайсың. Маған деген сүйіспеншілігің мен адалдығыңның белгісі сол болсын.
Выбор основного перевода