Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қызметші Құдайға мінажат етіп: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Бүгін жолымды оңғарып, қожайыныма рақымыңды түсіре гөр! Содан мен бүгін су көзіне жеткенде былай дедім: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Жолымды оңғара гөр. Мұнан кейін өзіме жол көрсетіп, ұлына қожайынымның інісінің қызын таңдағаны үшін, қожайыным сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат еттім. Міне, Рабиға көз алдыңызда, оны алып жүре беріңіз. Жаратқан Ие шешіп қойғандай, қызымыз қожайыныңыздың баласының әйелі болсын, — деп жауап берді. Өзіңнің мендей пендеңе көрсеткен тұрақты рақымың мен адалдығыңның бәріне де еш лайықты емеспін. Мен Иордан өзенінен бір таяққа ғана сүйеніп өткен болсам, енді өзімдегі барды екі көшке бөле алатын болып отырмын.
Выбор основного перевода