Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қызметші Құдайға мінажат етіп: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Бүгін жолымды оңғарып, қожайыныма рақымыңды түсіре гөр! Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Қала тұрғындарының қыздары су алуға келе жатыр. Мен араларындағы бір бойжеткенге: құмыраңызды еңкейтсеңіз екен, су ішіп алайын деп айтқанда, ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда құлың Ысқаққа Өзің бұйыртқан қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін. Қожайыныма жасаған рақымыңды осыдан білетін боламын», — деді. Алайда қызметші:— Жаратқан Ие сапарымды оңғарғандықтан, енді жолымнан қалдырмай, қожайыныма жіберіңіздер, — деп қоймады.
Выбор основного перевода