Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды. Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын. Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды,Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды. Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан,Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан! Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды. Солай ойлағанда олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді.
Выбор основного перевода