Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жердің түп негізін орнатқанымда сен қайда жүрдің? Білгіш болсаң, түсіндірші! Үстінен жіп тартып, оның өлшемдерін орнатқан кім? Сен бұларды білесің ғой. Дүниенің негіздері ненің үстіне орнатылды, оның іргетасын қалаған кім болды? Сол кезде таңғы жұлдыздар бірге әндетіп, Құдайдың бүкіл нөкерлері қуана ән салып жатты. Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарғаНазар аударған әрбір уақытымдаМынадай сұрақтар туады ойымда: Көк те — Сенікі, жер де — өз меншігің,Негізін салдың Сен күллі әлемнің,Әрі жараттың ондағылардың бәрін. Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Сені ана құрсағында қалыптастырған, әрі туысқан қамқоршыңдай құтқарып алған Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен, Жасаған Ие, бүкіл әлемді жараттым. Жалғыз Өзім аспан кеңістігін жайып жіберіп, өз құдіретіммен жер бетін де жайып тастадым. Аспанды жасаған Жаратқан Ие — шынайы Құдай. Ол жерді де қалыптастырып, нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты. Құдай былай дейді: «Мен Жаратқан Иемін, Менен өзге құдай жоқ! Ол — әлемді және ондағының бәрін жаратқан Құдай, көк пен жердің Иесі! Сондықтан Ол адамның қолынан шыққан киелі үйлерде тұрмайды. Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,Құдіретіңмен жараттың аспанды да. Құдайдың әлемді айтқан сөзімен жаратып, ретке келтіргенін, яғни көз алдымыздағы жаратылысты көзге көрінетін заттан емес, ғайыптан жасап шығарғанын сенімімізбен ұғынамыз. «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Выбор основного перевода