Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күндіз бен түнге Өзің билік құрасың,Күн мен басқа аспан шырақтарын жараттың, Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді, Мезгілді белгілеуге жараттың айды,Күн де біледі қай уақытта батуды. Себебі Жаратқан Ие мынаны айтады: Басқа ұлттарға еліктеуші болмаңдар! Олар сияқты аспан құбылыстарына қарап, қорқып үрейленбеңдер! Мен аспан мен жерде керемет істер істеймін: қан, от және бұрқыраған түтін пайда болады. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Бұл қиын-қыстау кезеңнен кейін дереу «күнді қараңғылық басып, ай да жарқырамайтын болады. Жұлдыздар аспаннан құлап, аспан күштері шайқалады!» Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ.
Выбор основного перевода