Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай адамдарды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратып, сол күні батасын беріп, оларға «адам» деген ат қойды. Ал сендер: «Неге?» деп сұрайсыңдар. Өйткені сендер жастай үйленген әйелдеріңе адал болмай, өмірлік жар боламын деп берген серттеріңнен тайдыңдар. Бірақ сендердің әйелдеріңмен жасаған келісімдеріңе Жаратқан Иенің Өзі куә болған еді. Құдай ерлі-зайыптыны біртұтас болуға жаратпады ма? Олар жан-тәндерімен Оның меншігі. Құдай сендерден нені қалайды? Ол құдайшыл ұрпақтардың өсіп-өрбуін қалайды. Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер! Ешқайсың жастай некелескен әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар! Исаның жауабы мынау болды:— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?! Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». Сонымен ер адам басын жаппау керек: ол Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын бейнелейді. осылай Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділ де қасиетті адам болып өмір сүріңдер! жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар. Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда.
Выбор основного перевода