Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен тұт ағаштарының үстінен басқан қадамдардың дыбысын естіген кезде қозғал! Бұл, Жаратқан Иенің філістірлердің жасағын шабу үшін сенің алдыңа шыққанын білдіреді». Ал енді, сыртқа шығып, қызметшілеріңізге жылы сөйлеп, жігерлендіріңіз! Жаратқан Иенің алдында ант етемін: егер шықпайтын болсаңыз, бүгін кешке дейін сіздің жағыңызда бірде-бір адам қалмайды! Бұл сіз үшін жастық шағыңыздан бері осы кезге шейін басыңызға түскен апаттардың барлығынан да зор болмақ! Саудагерлер әрбір күймені алты жүз мысқал, әрбір жылқыны жүз елу мысқал күміске Мысырдан сатып алып келетін. Олар сол тауарлардың бірқатарын күллі хеттік және арамалық патшаларға да жеткізіп, сатып отырды. Содан соң ол: «Уа, Жаратқан Ие, оның көзін аша гөр, көрсін!» — деп сиынды. Жаратқан Ие қызметшінің көзін ашқанда, ол қыраттың бойында Елішені айналдыра жиналып тұрған жалындаған отты аттар мен күймелерді көрді.
Выбор основного перевода