Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәл осы кезде Еліше өз үйінде бірнеше қонақ ақсақалдармен бірге отырған еді. Патшаның жіберген адамы келмей тұрып-ақ, Еліше қасындағы ақсақалдарға: «Ана кісі өлтірушінің баласы менің басымды шауып тастасын деп адам жіберіп жатыр. Соны көріп отырсыңдар ма? Сол адам келгенде, оның алдынан есікті тас қылып жауып тастаңдар. Оның артында келе жатқан иесінің басқан қадамдарының дыбысы естіліп тұрған жоқ па?» — деді. Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына:— Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған:— Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді.
Выбор основного перевода