Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Не Айда, не Бетелде исраилдіктердің соңынан қуып шықпаған бірде-бір ер адам қалмады. Олар қаланы ашық қалдырып, исраилдіктердің артынан қуып кетті. Соның кесірінен қалада қатты ашаршылық басталды. Жаудың қоршауы ұзаққа созылғандықтан, есектің басы сексен мысқал күміске, ал бір уыс (отындық) кептер қиы бес мысқал күміске сатылатын болды. Бірде Исраил патшасы қала қамалының қабырғасымен кетіп бара жатқанда, бір әйел оған:— Уа, патша ием, көмектесе көріңіз! — деп зарлап айқай салды. Патша оған:— Жаратқан Иенің Өзі көмектеспесе, мен қайдан саған көмектесемін? Өз қырмандарым мен күбілерімде түк қалмады, — деп жауап қайтарып, — Жарайды, не айтайын деген едің, айта бер, — деп қосты. Әйел былай деді:— Мына әйел маған: «Сенің балаңды бүгін жейік, менікін ертең жейміз» деп ұсынған еді. Осылайша менің баламды екеуіміз асып жедік. Келесі күні мен оған: «Енді сен балаңды бер, жейік!» десем, ол оны бір жерге тығып тастапты!
Выбор основного перевода