Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып», Содан соң Жаратқан Ие тіл қатып Мұсаға былай деді: «Абарим қыратындағы мына таудың басына шық. Мен исраилдіктерге табыстағалы тұрған елге көз таста. Соны көргеннен кейін ағаң Һарон сияқты сен де ата-бабаларыңның қасына жөнелесің. Алайда мына бір жайтты Жаратқан Ие кешіре көрсін: мен патшаммен бірге Риммонның ғибадатханасына құлшылық етуге баруға міндеттімін. Себебі патша менің қолыма сүйеніп тұрады. Сонда онымен бірге маған да Риммонға бас июіме тура келгенде, Жаратқан Ие мені кешіре көрсін! — Патша әлгі жеке нөкерін қақпа күзетін басқаруға тағайындаған болатын. Нөкер қақпадан өтіп бара жатқан қалың халықтың табанының астында қалып, тапталып өлді. Осылайша Құдайдың адамының патша оған келген кезде айтқаны іске асты. патшаның сол нөкері пайғамбарға: «Жаратқан Ие тіпті аспан қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?!» деген болатын. Сонда пайғамбар бұл нөкерге: «Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың!» деген еді. Сол сөз дәл орындалды. Нөкер қалың халықтың табанының астында қалып, тапталып өлді. Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
Выбор основного перевода