Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
4. Царств
Параллельные места
Жауынгерлер Құдайдың киелі үйіне от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар қаладағы күллі сарайларды да өртеп, ондағы құнды нәрселердің барлығын құртты. Ежелде қираған қаланы аралашы,Жау түгел жойған мекеніңді қарашы. Бізбен кездескен орныңда жауың шулады,Таңбасын тігіп киелі жерде паңданды. Орманда ағаш кескендер сияқтыКіреберіс қақпаларды шапқылады, Айбалта, шоттарымен қиратып тастадыӨрнектеліп ойылған тақтайшаларды. Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,Сенің атыңдағы мекенді арамдады, (Асафтың жыры.)Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттарСенің меншікті еліңді басып, оларСенің киелі үйіңді арамдады,Иерусалимді қиратып, талқандады. Сол үшін Мен Яһудаға от жіберемін. Сол от Иерусалимнің сарайларын жалмап қояды».
Выбор основного перевода