Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
4. Царств
Параллельные места
Нехо перғауын Жоғахазды Хамат еліндегі Риблада тұтқындап, шынжырмен бұғаулап, оның Иерусалимде билік жүргізуін тоқтатты. Сонымен қатар перғауын Яһуда еліне жүз ат басындай күміс, бір ат басындай алтын мөлшерінде алым-салық салды. Яһуда патшасы халдейлердің қолынан қашып құтыла алмайды! Ол сөзсіз Бабыл патшасының қолына түсіп, оны өз көзімен көріп, бетпе-бет сөйлесетін болады. Мен Яһуда патшасы Седекиях пен оның әміршілерін олардың жанын алғысы келіп жүрген жауларының қолдарына тапсырамын. Бабыл патшасы әскерімен бірге аз уақытқа қаладан кері шегініп, басқа жаққа кетсе де, енді Мен бұйрық беріп, оларды осы қалаға кері қайтарамын. Олар қалаға тағы да шабуыл жасап, оны басып алады да, өртеп жібереді. Яһуданың басқа қалаларын да қаңыратып бос қалдырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода