Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
4. Царств
Параллельные места
Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар. күлсалғыштар, қалақтар және тостағандар.Хурам-Аби Сүлеймен патшаның тапсырғанындай Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған құрал-саймандарының барлығын жылтыратылған қоладан жасады. Патша олардың бәрін Иордан өзенінің бойындағы Соқот пен Сартан қалаларының арасындағы жазықта саздан дайындалған қалыптарға құйғызып жасатты. Осы бұйымдардың көп болғандығы сонша, Сүлеймен олардың салмағын өлшемей-ақ қоя салды. Құйылған қоланың салмағын ешкім анықтаған жоқ. Сүлеймен, сондай-ақ, Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған барлық жиһаздарды жасатты: хош иісті заттар түтетілетін, алтын қапталған үстел, Жаратқан Иенің алдына ұсынылатын нанға арналған алтын қапталған үстел, ең қасиетті бөлменің алдында оның оң және сол жағында бес-бестен шам қойғыштар, гүл іспетті әшекейлер, шырақтар және қысқаштар. Осы соңғылар саф алтыннан жасалды. Үлкен тостағандар, білте түзеткіштер, (су не қан бүркуге арналған) тостағандар, табақтар және ішіне шоқ салынатын табалар да саф алтыннан жасалды. Киелі үйдің қасиетті және ең қасиетті бөлмелерінің есіктерінің топсалары алтыннан жасалды.
Выбор основного перевода