Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Бұдан Жаратқан Ие исраилдіктерге қатты қаһарланып, оларды Өзінің қасынан аластатты. Тек Яһуда руынан басқа ешкім елде қалмады. Сондықтан Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағынан бас тартып, оларды түрлі пәлелерге ұшыратты. Халық Өзінің қасынан толығымен аластатылғанша, Жаратқан Ие оларды тонаушы басқыншылардың қолдарына тапсырды. Ассур патшасы Солтүстік Исраилдің халқын Ассурға жер аударып әкетіп, оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Мен Самарияны және Ахабтың әулетін шынайы бағалап, әділдікпен соттағаным іспетті енді Иерусалимді де солай шынайы бағалап, әділдікпен соттаймын. Жұрттың табақты сүртіп, төңкеріп қоятынындай, Мен де Иерусалимдегі халықты түгелдей сыпырып тастаймын. Мен меншікті халқымнан тірі қалғандарын тастап кетіп, жауларының қолдарына тапсырамын. Барлық дұшпандары оларды тонап, олжалап алып кететін болады.
Выбор основного перевода