Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Яһуда патшасы Манасаның жасаған жексұрын күнәлары өзінен бұрын осы елде тұрған аморлықтардан да асып кетті. Манаса Яһуданың халқын жалған тәңірлердің мүсіндеріне табындырып күнәға батырды. Бұл пәле, әрине, Манаса патшаның жасаған барлық күнәларының кесірінен Жаратқан Иенің еркімен Яһуданың басына түсті. Жаратқан Ие халықты Өзінің көз алдынан аластатпақ болды. Өйткені Манаса патша кезінде күнәға батып, әр түрлі зұлым істер істеген болатын. Оның үстіне Манаса жазықсыздан-жазықсыз қан төгіп, Иерусалимді кінәсіз төгілген қанға толтырды. Жаратқан Ие Манасаның осы жексұрын қылмыстарын кешіруді қаламады. Яһуданың патшасы Езекия ұлы Манасаның Иерусалимде істеген зұлым істері үшін Мен оларды жер бетіндегі барлық патшалықтардың алдында қорқынышты көрініс етемін.
Выбор основного перевода