Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін. Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау, Енді шекара Таппуах деген жерден батысқа қарай Қанах жылғасына дейін барып, содан теңізге келіп тіреледі. Көп уақыт бұрын-ақ Ассур патшасының мәйітін салтанатпен, үлкен отпен өртеп жіберетін орын дайындалып қойылған болатын. Ондағы шұңқыр терең де кең, әрі мол отын қаластырылып дайындалған. Оны өртеп жіберу үшін Жаратқан Иенің лебі жанартаудан шыққан күкірт іспетті отты жалын үрлейді. әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Сондықтан сақ болыңдар! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Ол жер енді Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді. Өйткені олар өліктерін бос орын қалмағанша сол жерге қоятын болады. оларға былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Қыш құмыра сынған соң еш жөндеуге келмейтініндей, Мен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын «сындырып» тастаймын. Олар өлгендердің мәйіттерін орын қалмағанша Топетте жерлейтін болады. Осы жерге және осында тұрғандарға мынаны істеймін, дейді Жаратқан Ие: Мен бұл қаланы Топет сияқты арамдалған орынға айналдырамын! Үйлеріңнің жалпақ төбелерінде аспан денелеріне бағыштап хош иісті заттар түтетіп, әрі бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып ұсындыңдар. Сол үшін Иерусалимдегі үйлердің бәрі, тіпті Яһуда патшасының сарайы да, Топет сияқты арамдалады!» Мұнан кейін Еремия Жаратқан Ие өзін пайғамбарлық хабар айтуға жіберген Топеттен қалаға қайта оралды. Содан ол Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тұрып халыққа дауыстап былай деді:
Выбор основного перевода