Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса осы Таурат заңының күллі сөздерін бір кітапқа жазып бітіргенде, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүретін леуіліктерге былай деп бұйырды: «Мына Таурат заңының кітабын алып, Құдайларың Жаратқан Иенің Келісім сандығының бір жағына салыңдар. Ол халыққа қарсы айғақ болып сол жерде қалсын». Леуіліктер Жаратқан Иенің киелі үйіне арналып ұсынылған күмісті қазына қоймасынан алып шыққан осы кезде бас діни қызметкер Хелкия Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңының кітабын тауып алды. Хелкия Шафан хатшыға: «Мен Жаратқан Иенің киелі үйінен Таурат заңының кітабын тауып алдым!» — деп хабарлап, кітапты оған табыстады.
Выбор основного перевода