Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күміс есептеліп болғаннан кейін, олар оны Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жөндеу жұмыстарын басқарушыларға тапсыратын. Басқарушылар сол күмісті ғибадатханада жұмыс жасайтын ағаш ұсталарына, құрылысшыларға, тас қашаушылар мен қалаушыларға беретін. Бұлар күмісті киелі үйдегі жөндеу жұмыстары үшін бөренелер мен қашалған тастар және тағы басқа да керекті заттарды сатып алу үшін жұмсайтын. Осы әкелінген күмістен Жаратқан Иенің киелі үйінде қолданылатын бірде-бір күміс кесе, білте түзеткіш, тостаған, керней не басқа да алтын, күміс бұйымдар жасалмады. Күмістің барлығы жұмысшыларға беріліп, Жаратқан Иенің киелі үйін жөндеуге жұмсалатын.
Выбор основного перевода