Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде Жоғас діни қызметкерлерге былай деп тапсырды: «Адамдар Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тарту ретінде алып келген барлық күмісті жинаңдар! Ол санақта берілетін жан басы салығы әрі жеке адамдардың уәде еткен не ерікті түрде берген сый-тартулары бола алады. Діни қызметкер Еходай бір жәшікті алып, оның үстіңгі жағында тесік жасап, жәшікті Жаратқан Иенің киелі үйіндегі құрбандық үстелінің қасына, ғибадатханаға кіреберістің оң жағына қойды. Кіреберісті күзететін діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйіне әкелінген барлық күмісті сол жәшікке салатын болды. Жәшікте көп күміс жиналып қалған әр кез сайын патшаның хатшысы және бас діни қызметкер келіп, Жаратқан Иенің үйіне әкелінген сол күмісті арнайы қапшықтарға салып, таразыға тартып өлшейтін.
Выбор основного перевода