Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде Ассурдың патшасы Салманасар Ошияға қарсы аттанды. Себебі бұрынырақ Ошия оған бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді. Ал сол кезде Ошия Ассур патшасына әр жылға төленетін алым-салығын жібермей, оған қарсы одақтаспақ болып Мысыр патшасы Со перғауынға елшілерін жолдады. Мұнысын Ассурдың патшасы біліп қойып, Ошияны ұстап алып, зынданға жауып тастады. Ассурдың патшасы бүкіл елді жаулап алып, Самария қаласына барып, оны үш жыл бойы қоршауға алды. Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Мұның барлығы исраилдіктер өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтарының кесірінен болды. Ал Жаратқан Ие ежелде олардың ата-бабаларын Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елден алып шыққан болатын. Сонда да Исраил халқы бөгде тәңірлерді терең қастерлейтін болды, әрі
Выбор основного перевода