Сол себепті Исраилдің Құдайы Ассурдың Пул деп те аталған Тығылат-Пеләсер патшасына ықпал жасап, патша Рубен мен Ғад руларын және Манаса руының жартысын жер аударып әкетті. Оларды (Солтүстік Месопотамиядағы) Халах, Хабор, Араға және Ғозан маңындағы Евфрат өзеніне апарып, осы күнге дейін олар сонда тұрып келеді.