Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. оның көрсететін көмегі еш пайдасыз. Сондықтан Мен оны «тыныш отыратын айдаһар» деп атаймын. Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. Исраил сені қолына ұстап сүйенгенде, сен быт-шыт болып, жаңқаланып, оның қолтығына қадалып жарақаттадың. Иә, Исраил өзіңе тіренгенде сен сынып қалдың. Сонда оның буыны шығып кетіп, мертікті».
Выбор основного перевода