Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір күні ағаштар өздеріне патша тағайындамақ боп шешіпті. Сол себепті олар зәйтүн ағашына:— Бізге патша бол! — депті. Ал зәйтүн ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдарға құрмет сыйлайтын майымды өндіруді доғаруым керек пе? — деп жауап қайтарыпты. Сонда ағаштар інжір ағашына:— Онда сен келіп, бізге патша бол! — депті. Бірақ інжір ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана дәмді де тәтті жеміс беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап беріпті. Содан соң ағаштар жүзім бұтасына:— Сен біздің патшамыз бола гөр! — депті. Бірақ жүзім бұтасы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдардың көңілін көтеретін шырын беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап қайырыпты. Сонда ағаштардың барлығы тікенді бұтаға:— Ендеше сен патша бол! — депті. Тікенді бұта оларға:— Егер сендер мені шынымен өздеріңе патша қылғыларың келсе, онда келіп, менің көлеңкемді паналаңдар. Ал егер алдап тұрсаңдар, онда тікенді бұтадан от лап етіп шығып, тіпті Ливанның самырсындарын да өртеп жіберсін! — депті.
Выбор основного перевода