Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Солтүстік шекараларың үшін Жерорта теңізінен (солтүстіктегі) Һор тауына дейін, ал Һор тауынан Лебо-Хаматқа дейін шек белгілеңдер. Сол жерден шекара Седадқа дейін жететін болады. Олардың жері шығыстағы Писга тауының етектерінен батыстағы Иордан өзеніне дейін, солтүстіктегі Кінерет (яғни Ғалилея) көлінен оңтүстіктегі Өлі теңізге дейінгі аралықта жатқан Иорданның алқабын да қамтыды. Сол жерден шекара шығысқа қарай Ғат-Хефер мен Ита-Қасынға кесіп өтіп, Риммонға жетіп, Неяға қарай бұрылады. Осы кезде Сүлеймен бір үлкен той жасады. Бүкіл Исраил халқы: солтүстіктегі Лебо-Хамат қаласынан бастап, Мысырмен шекарадағы өзеннің аңғарына дейінгі зор аралықтағы барлық жерден жиналған қалың қауым Құдайымыз Жаратқан Иенің алдында он төрт күн бойы Сүлейменмен бірге той тойлады: жеті күн ғибадатхананы Құдайға бағыштау рәсімін және тағы жеті күн Күркелер мейрамын өткізуге арналған болатын. Сол кездерден бастап Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің жер көлемін қысқарта бастады. (Арамалық) Хазаил патша Солтүстік Исраилге оның бүкіл елі бойынша соққы беріп жүрді. Хазаил кезінде Жоғастың әкесінен тартып алған қалаларды Жоғас енді Бен-Хададтан өз билігіне кері қайтарып алды. Себебі Жоғас Бен-Хададты үш рет жеңіп шығып, сол исраилдік қалаларды еліне қайтадан қосты. Жаратқан Ие Аматтай ұлы Жүніске сөзін арнап: Бірақ Оның жауабы мынау болды:— Жаман, опасыз ұрпақ билігімді дәлелдейтін керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді: Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады.
Выбор основного перевода