Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Амасиях патша болған кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехоғадан еді. Амасиях Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істесе де, онысын шын жүректен істеген жоқ. Өзінің патшалық билігі берік орнатылғаннан кейін, Амасиях әкесін өлтірген нөкерлерді өлімге кесті. Бірақ патша олардың балаларын өлтірткен жоқ. Амалиях мұны Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңы кітабында берген мына бұйрығына сай істеді: «Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі». Мұны істеген қызметкерлер Шимеяттың ұлы Жозақар және Шомер ұлы Ехозабад болды. Жоғастың мәйіті ата-бабаларының жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Амасиях орнын басып патша болды. Яһуда еліне (Охозиях ұлы) Жоғас патшалық құрған отыз жетінші жылы Жоғахаз ұлы Жоғас Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол он алты жыл бойы билік жүргізді.
Выбор основного перевода