Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Яһуда елінің патшасы Амасиях кеңесшілерімен ақылдасып, Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғасқа елшілерін жіберді. Осы Жоғас Ехудің немересі, Жоғахаздың ұлы еді. Амасиях оған:— Кел, бетпе-бет соғысайық! — деген шақыруын жолдады. Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Амасияхқа мынадай (мысалды келтіріп) жауап қайтарды:— Бірде Ливан тауларында өсіп тұрған бір аласа тікенді бұта Ливандағы зәулім самырсын ағашына: «Қызыңды менің ұлыма бер!» деген екен. Бірақ сол тікенді бұтаның жанынан бір ливандық аң өтіп бара жатып, оны басып, жаншып тастапты. Сен: «Міне, мен Едомды жеңдім!» деп, паңдана өркөкіректеніп кетіпсің. Алайда өз сарайыңда қалсаң игі болады. Басыңа пәле іздеп, не қыласың?! Әйтпесе Яһудаңмен қоса құрып кетесің! Бірақ Амасиях оның сақтандыруын тыңдамай қойды. Өйткені Яһуда халқы Амасияхтың бастауымен Едомның жалған тәңірлеріне бет бұрып табынып кеткендіктен, Құдай оларды Солтүстік Исраилдің қолына тапсыруды ұйғарған болатын. Содан Солтүстік Исраилдің патшасы әскерін ертіп Амасияхқа қарсы аттанып барды. Екеуінің арасындағы шайқас Яһуда жеріндегі Бет-Шәміш қаласының маңында болды. Яһуда әскері Солтүстік Исраилден жеңіліп, барлық жасақшылары үйлеріне қашып кетті. Жоғас патша Бет-Шәміште Яһуда елінің патшасы Амасияхты қолға түсіріп, оның астанасы Иерусалимге алып барды. Жоғас Иерусалимді қоршаған қабырғаның Ефрем және Бұрыш қақпаларының арасындағы үлкен бөлігін құлатып тастады. Сол бөліктің ұзындығы шамамен төрт жүз шынтақ болды. Жоғас, сондай-ақ, Құдайдың киелі үйінде Ғабит-Едомның қарамағында болған алтын-күмісті және арнайы құрал-жабдықтардың бәрін тонап, патша сарайындағы қымбат бұйымдарды да қолға түсірді, әрі кепілдікке адамдар алып, Самарияға қайтып кетті.
Выбор основного перевода