Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп:— Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр. Егер Менің өзіңе өсиет еткенімнің барлығына мойынсұнсаң, әрі қызметшім Дәуіттің орындағанындай, сен де Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істерді істеп, Менің ережелерім мен өсиеттерімді ұстанатын болсаң, онда Мен де саған әрқашан жар болып, сенің патшалық әулетіңді Дәуіттің патшалық әулетіндей үздіксіз етіп бекітемін және (Солтүстік) Исраил елінің патшалық билігін сенің қолыңа тапсырамын. Себебі Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын санамағанда, өмір бойы Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, Оның бұйырғандарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ.
Выбор основного перевода