Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен Мысыр патшасы перғауынмен одақтасып, оның қызына үйленді. Өзіне патшалық сарай, Жаратқан Иеге ғибадатхана, Иерусалимнің айналасындағы қамал қабырғасының құрылысын бітіріп болғанға дейін Сүлеймен осы әйелін Дәуіттің шаһарына әкелді. Әділет сарайының ар жағындағы аулада орналасқан, Сүлейменнің өзі тұратын сарайы осыған ұқсас жобамен жасалды. Ол Мысыр патшасының қызы — өз әйеліне де арнап сол жобамен бағаналы сарай салып берді. Еробоғамның патшаға қарсы бас көтергенінің жайы мынау: сол кезде Сүлеймен патша әкесі Дәуіттің шаһарының айналасындағы саты тәрізді беткейді салдырып, шаһардың қамалындағы бір бұзылған жерін жөндеумен айналысып жүрген еді. Езекия іске бар ынтасымен, жан сала кірісіп, қамалдың құлап қалған барлық қабырғаларын қайта тұрғызып, үстіне бірнеше күзет мұнарасын да салды. Оның сыртынан тағы бір қабырға тұрғызып, Иерусалимдегі «Дәуіттің шаһары» делінген көне қорғанның саты тәрізді беткейіне де бекіністер салғызды.Сонымен қатар патша көп етіп қару-жарақ пен қалқандар жасатып,
Выбор основного перевода