Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен Мысыр патшасы перғауынмен одақтасып, оның қызына үйленді. Өзіне патшалық сарай, Жаратқан Иеге ғибадатхана, Иерусалимнің айналасындағы қамал қабырғасының құрылысын бітіріп болғанға дейін Сүлеймен осы әйелін Дәуіттің шаһарына әкелді. Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Ол былай деді: «Бұл әйелім Исраилдің патшасы Дәуіт марқұмның сарайын мекендемеуі керек, себебі кезінде Жаратқан Иенің Келісім сандығы тұрған жерлер Құдайға ерекше бағышталған».
Выбор основного перевода