Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Нан тартуларын үстелге қойып отыр, олар ұдайы Менің алдымда болсын. Беселиел аққарағаннан ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ үстел де жасатты. Ол саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталды. Шеберлер үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектеп, соны да алтынмен қаптады. Мұнан кейін олар төрт алтын шығыршық құйып жасап, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекітті. Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. Үстелдің қажетті бұйымдары: аяқ-табақтары мен табалары және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандары саф алтыннан жасалды. Беселиел шеберлерге ақ қараған ағашынан хош иісті заттарды түтету үстелін де жасатты. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болды. Үстел (үстіңгі жағындағы төрт бұрышынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалды. Үстелдің беті, бүкіл жақтаулары және шошақтары да саф алтынмен қапталып, беті айналдыра алтын ернеумен жиектелді. Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнатылды. Соларға үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар кіргізілді. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. Адамдар мен заттар киелі шатырдағы қызметке бағышталған кезде оларға май жағу рәсімін жасауға арналған май да, түтетілетін хош иісті заттардың таза қоспасы да дайындалды. Таңдаулы бидай ұнынан он екі күлше пісір. Олардың әрқайсысына пұттың оннан екісіндей мөлшерде ұн қолдан. Нанды Жаратқан Иенің алдындағы саф алтын үстелдің үстіне, алты-алтыдан екі қатар етіп қой. Әр қатарға таза да хош иісті шайырды қой. Осы хош иісті шайыр кейін Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын естелік іспетті нанның орнын басады. Бұл күлшелерді Һарон Жаратқан Иенің алдына әр сенбі сайын қоятын болсын. Мұны ол Исраил халқының атынан мәңгілік Келісімге сай істеуге тиіс.
Выбор основного перевода