Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Киелі орын деп аталатын ең қасиетті бөлме ғимараттың төр жағынан салынды. Бұл бөлме еденнен төбеге дейін жетіп жатқан самырсын тақтайларымен бөлініп тасталды. Патша, сондай-ақ, киелі үйдің ішіндегі ең қасиетті бөлмені Жаратқан Иенің Келісім сандығын орналастыруға дайындады. Осы ішкі бөлменің ұзындығы, ені, биіктігі жиырма шынтақтан болды. Сүлеймен оны саф алтынмен қаптады. Ол самырсыннан жасалған түтету үстелін де алтынмен қаптады. Сүлеймен киелі үйдің ішін түгелдей саф алтынмен қаптады. Ол алтынмен қапталған ең қасиетті бөлменің алдыңғы жағына кесе көлденеңінен алтын шынжыр іліп қойды. Ең қасиетті бөлменің ішкі кіреберісіне зәйтүн ағашынан жарма есіктер жасалып, маңдайшасы мен жақтаулары бес қырлы етіп орнатылды. Кейін хабаршы киелі үйдің қабырғасын өлшеді. Соның қалыңдығы алты шынтақ екен. Киелі үйдің екі бүйірі мен арт жағын жапсарлай салынған қосалқы бөлмелердің әрқайсысының ені төрт шынтақтан болды. Осы бөлмелер бірінің үстіне бірі, үш қабат етіліп салыныпты. Әр қабатта отыз бөлмеден болды. Қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелерінің тіреліп тұрулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салыныпты. Ал қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелері киелі үйдің қабырғаларына кіріп тұрмады.
Выбор основного перевода